Қазақстан Сыртқы істер министрі ТМД Экономикалық сотының төрағасымен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі ТМД Экономикалық сотының төрағасымен кездесті

Астана, 2025 жылғы 17 қазан  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының төрағасы Герман Нұрбаевтың кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ТМД аясындағы құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ халықаралық шарттар нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мен Ұйым кеңістігіндегі интеграциялық процестердің тиімділігін арттыруында ТМД Экономикалық сотының рөлі талқыланды.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Экономикалық соттың ТМД-ның негізгі институттарының бірі ретінде мемлекетаралық экономикалық өзара іс-қимылдың құқықтық негізін нығайтуға және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделерін қорғауға ықпал ететін маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Г.Нұрбаев Экономикалық соты жұмысының ағымдағы бағыттары, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өтініштерін қарастыру тәжірибесі мен халықаралық шарттарды талқылау мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Қазақстанның ТМД органдарының қызметіндегі белсенді және сындарлы рөлін жалғастыруға, сондай-ақ ұйымның институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға бейілділігі аталып өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены...

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң...