Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Өзбекстанда еліміздің жетекші клиникаларының 100-ден астам маманы Өзбекстанның бес қаласында — Ташкент, Ферғана, Самарқанд, Бұхара және Нүкісте көшпелі консультациялар, мастер-кластар мен операциялар өткізді.

Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Өзбекстанда еліміздің жетекші клиникаларының 100-ден астам маманы Өзбекстанның бес қаласында — Ташкент, Ферғана, Самарқанд, Бұхара және Нүкісте көшпелі консультациялар, мастер-кластар мен операциялар өткізді.

Нүкіста қазақстандық дәрігерлер инвазивті пренаталдық диагностика бойынша мастер-кластар өткізді: емшараны жүргізу техникасын көрсетті және төрт пациентке амниоцентез жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Генетик дәрігер психомоторлы және психосөйлеу дамуының тежелген, туа біткен кемістіктері бар балаларға, сондай-ақ қауіп тобындағы жүкті әйелдерге 13 скринингтік ультрадыбыстық зерттеу жүргізді.

Н. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығының мамандары сонымен қатар пациенттерге Ташкенттегі бейінді клиника базасында роботтандырылған эндопротездеу бойынша мастер-класты қоса алғанда, шамамен 15 күрделі операция жүргізді.

Кардиохирургия мен аритмологияда өзбек әріптестермен күрделі аритмиялардың катетерлік абляциясы, митралдық қақпақшаның ең аз инвазивті пластикасы, сондай-ақ белгілі қазақстандық кардиохирург Юрий Пяның қатысуымен аорталық қақпақшаны транскатетерлік имплантаттау (TAVI) бойынша бірлескен мастер-кластар өткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу...

Житель г.Шымкент организовал и координировал работу подпольного интернет-казино, функционировавшего через мобильное приложение. Для реализации...