Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени ынтымақтастық нығайып, ауқымы кеңеюде

Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени ынтымақтастық нығайып, ауқымы кеңеюде

Польша Республикасы Қазақстанда Фредерик Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауын ұйымдастыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Польша Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Михал Лабенданың кездесуінде талқыланды.

Кездесу барысында мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ музыка мен әдебиет саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Аида Балаева екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесі және қазақ тілі мен мәдениетіне көрсетіп келе жатқан құрметі үшін поляк дипломатына алғыс білдірді.

Кездесу кезінде Фредерик Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауын Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткізу туралы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар тараптар мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзге де бағыттарын, оның ішінде әдеби шығармаларды қазақ тілінен поляк тіліне және керісінше аудару мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысында екі тарап Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға қызығушылықтарын растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу...

Председатель Федерации профсоюзов Республики Казахстан Сатыбалды Даулеталин на 10-м заседании Конституционной комиссии подчеркнул, что работа над...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...