540 мың қазақстандық студент AI-Sana бағдарламасы аясында ЖИ базалық дағдыларын игерді

540 мың қазақстандық студент AI-Sana бағдарламасы аясында ЖИ базалық дағдыларын игерді
2024 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы барлық студентке жасанды интеллектінің негізгі дағдыларын үйретуге бағытталған AI-Sana бастамасын іске асыруды тапсырды. Қазір бағдарлама бірнеше кезеңдерді қамтиды: негізгі және одан кейінгі үш деңгей. 650 мың студенттің 540 мыңға жуығы Astana Hub, Google, Coursera және Huawei платформаларында жасанды интеллектіні басқару бойынша базалық курстардан өтті. Келесі кезеңде кәсіпкерлікке, бағдарламалауға, сондай-ақ жасанды интеллект пен машиналық оқыту негіздерін игеретін 100 мың студентті іріктеу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...