Еліміздегі жетекші университеттер жанында жасанды интеллект бойынша арнайы орталықтар мен зертханалар құрылды

Еліміздегі жетекші университеттер жанында жасанды интеллект бойынша арнайы орталықтар мен зертханалар құрылды
Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA, Google, Astana Hub, EduSystem, Huawei және Coursera сынды жетекші халықаралық компаниялармен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Олардың әрқайсысымен жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялық білім беру салаларындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Coursera компаниясымен соңғы үш жылдағы бірлескен жұмыс аясында 197 мың студент оқытудан өтіп, 388 мың сертификатқа ие болды. Платформада жасанды интеллект бойынша 225 курс қолжетімді. ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...

Премьер-министр Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына...