Шымкент әкімі қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызу акциясына қатысты

Шымкент әкімі қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызу акциясына қатысты

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Астана» шағын ауданында көшет отырғызу жұмысына қатысты. Егілген ағаштар қаланың көгалдандыру жүйесін толықтырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы орта қалыптастырады.

Іс-шара барысында мегаполис басшысы мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті:

  Ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтады. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығы мен әсем келбетіне үлес қосуы тиіс, – деді Ғабит Сыздықбеков.

Сондай-ақ, күзгі көгалдандыру маусымы аясында Шымкент қаласының орталық көшелерінде, саябақтар мен гүлзарларда, сондай-ақ аулаларда ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаралар жасыл инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Экологиялық акцияға еріктілер, жастар ұйымдарының мүшелері, кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене атсалысты. Бірлікпен атқарылған жұмыс нәтижесінде жүздеген түп ағаш пен сәндік бұталар егілді. Қатысушылар табиғатты қорғау – тек мемлекеттік органдардың емес, әр азаматтың ортақ борышы екенін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы тек тазалық пен көгалдандыру шарасы ғана емес, бұл — азаматтық жауапкершілікті арттырудың, экосананы қалыптастырудың тиімді жолы. Табиғатты қорғауға бағытталған осындай шаралар арқылы Шымкент тұрғындары өз қаласының болашағына үлес қосуда.

Алдағы уақытта экологиялық қозғалыс жалғасын тауып, қала мектептері мен жоғары оқу орындарында табиғатты аялауға арналған арнайы сабақтар мен экологиялық клубтар жұмыс істейтін болады. Бұл шаралар жас ұрпақтың бойында табиғатқа сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...