Мектепалды тобындағы балалардың көркем шығарма арқылы құрдастарымен қарым-қатынасын жетілдіру жолдары

Мектепалды тобындағы балалардың көркем шығарма арқылы құрдастарымен қарым-қатынасын жетілдіру жолдары

Көркем шығарма балалардың құрдастарымен өзара қарым-қатынасын жетілдіруге көмектеседі.Балаларға ұсынылатын көркем шығармаларды таңдағанда балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Мектепалды тобы болғандықтан біршама сюжеті күрделі, қызықты көркем туындыларды таңдадық. Атап айтқанда, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері мен халық ертегілерінде қарым-қатынас мәдениеті шебер суреттелген. Көркем шығарманы тыңдау арқылы балалар кейіпкерлердің қарым-қатынасын көріп, дұрыс қарым-қатынас жасаудың үлгісін көреді. Балалар өзара жанашырлық пен ынтымақтастықтың, достықтың маңызды құрал екенін түсініп, өзара қарым-қатынас мәдениетін үйренеді. Нәтижесінде көркем шығармаларды тыңдау, талдау негізінде балалардың бойында әлеуметтік дағдысы қалыптасады.

Сонымен қатар көркем шығарманы талдау, тыңдау негізінде балалардың  эмоционалды дағдысы қалыптасады. Кейіпкерлердің эмоцияларының үлгісінде өз сезімдерін басқаруды, дұрыс жеткізуді үйренеді. Және де қарым-қатынас барысында өз құрдастарының сезімдерін түсінуді, оған сүйіспеншілік қалыптастыруға да дағдыландырады. Мысалға, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін оқып беру немесе тыңдату арқылы балалар өкініш, ұялу сезімдерінің не екенін ұғынады, және тәрбиелік мәнін түсінеді. Көркем шығарма баланың эмоциясын дамыту арқылы құрдастарымен қарым-қатынас барысында өз сезімдерін дұрыс жеткізуге және құрдасының сезімдерін түсінуге көмектеседі.

Көркем шығарма балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытумен қатар коммуникативтік дағдыларын дамытатынын алдыңға бөлімдерде айтқан болатынбыз. Балалар көркем шығармаларды тыңдау және талдау барысында сөздік қорын дамытып, сөздерді дұрыс байланыстыруды, сөйлем құруды үйренеді. Нәтижесінде құрдастарымен коммуникативтік қарым-қатынас барысында дұрыс сөздерді байланыстыру арқылы сөйлемдерді құруды үйренеді. Көркем шығармадағы сюжеттер арқылы сөздерді байланыстыру, диалог, монолог жасауға үйренеді. Балаларға талдаған көркем шығарманың сюжеті бойынша диалог құрғызу арқылы өзара қарым-қатынас дағдысын жетілдіреміз.

Тәрбиеші балаларға көркем шығарманы тыңдату және талдату негізінде қоғамға бейімдейді. Адамның қоғамның бір бөлшегі екендігін ұғындырады. Балалармен топтық жұмыстар жүргізу негізінде өзара ынтымақтастығын, ауыз біршілігін күшейтеді. Балалармен көркем шығармаларды сахналай отырып, ынтымақтастық пен достық сезімдерін күшейтуге болады.

Көркем шығарманың ең басты мақсаты балалардың бойында этикалық және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. Ал бұл екі тәрбие түрі болашақта баланың өмірде тұлға болып қалыптасуына маңызы зор. Көркем шығарма балаларға адами құндылықтарды бойына сіңіре отырып, болашақта өз тәжірибесінде қолдануға үндейді. Нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалар ересектермен немесе құрдастарымен қарым-қатынаста мейірімділік, жанашырлық, түсіністік секілді адами құндылықтарды танытады. Мысалы, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін («Таза бұлақ», «Асан мен Үсен», «Әке мен бала», «Түзу ағаш», «Бір уыс мақта» т.с.с.) балалармен тыңдау, талдау барысында балалар адамгершілік нормаларын түсініп, ненің жақсы? ненің дұрыс? белгілі бір жағдайда не істеу керектігін түсінеді? әрқашанда әділдік пен жақсылық таныту қажеттігін біледі.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, көркем шығарма балалардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру үшін маңызды құрал. Оның маңыздылығын төмендегі кестеден көруге болады. 

1-сурет. Көркем шығарманың балалардың қарым-қатынасын жетілдірудегі маңызды сипаттары

 

Бірінші дәстүрлі әдіс-тәсілдерді тәжірибемізде пайдаландық: көркем шығарманы балалармен бірге оқыдық және талдадық. Топтағы балалармен бірге сюжеті жеңіл «Мақта қыз» ертегісі мен Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін оқыдық. Балаларға шығармаларды оқу барысында қимылдық технологияны да пайдаланып, әр кейіпкердің дауыс ырғағын және сипатын келтіруге тырыстық. Балалар ертегіні қызыға тыңдады. «Мақта қыз» ертегісіндегі Мақта қыз, мысық және тышқанның образдарына талдау жасадық. Ал «Әке мен бала» әңгімесін оқып болғаннан соң  кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жүргіздік. «Әкесі дұрыс жасады ма? Жоқ, әлде баласы дұрыс жасады ма?» деп автордың идеясын ашуға тырыстық. Яғни, жалқаулықтың, қырсықтықтың жаман қылық екендігін ұғындырдық. Қырсық мінезді мысық құйрығынан айрылып қалса, еріншек бала бір еңкеюге ерініп, нәтижесінде оң еңкейді. Және де шығармалардың мазмұны балаларға адамгершілік қағидалары туралы да түсінік қалыптастырады. Құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың осы қағидаларды ескеру қажеттігін біледі.

Мектепалды тобындағы балалармен тәжірибе барысында көркем шығармаларды тыңдап және талдап болғаннан кейін шығармашылық жұмыстар бойынша әдіс-тәсілдерді де пайдалану нәтижелі болады. Балаларға ертегі сюжеті бойынша әңгіме құрғыздық, сурет салдырдық, ермексазбен ертегі персонаждарын жасатқыздық. Нәтижесінде балалардың бойында шығармашылық дағдылары қалыптасып, ол балаларға қарым-қатынас барысында қажет эмоциялық қабілеттерін жетілдіреді.

Біз балаларға «Ұр тоқпақ» ертегісін оқып, талдатқыздық. Және жеке әр балаға әр кейіпкерге пікір беруін ұсындық. Әр бала өзінің қабілетіне қарай кейіпкерлерге баға беріп жатты. Бұл балалардың құрдастарымен қарым-қатынаста өз пікірі білдіруге, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландырады. Мысалы, мектепалды тобында Аруназ «Ұр тоқпақ» ертегісіндегі кейіпкерлері бойынша керемет нәтиже көрсетті (1-қосымшадан көре аласыздар).

Көркем шығармалардың мазмұны мен идеясын ұғындырудың керемет әдістерінің бірі – сахналық қойылым. Сахналық қойылым балаға қайта-қайта тыңдатып, талдатқаннан әлде қайда нәтижелі әдіс болып табылады. Диплодық жобаны даярлаудың төртінші аптасында балаларға сүйікті ертегілерін тәрбиешілер сахналаса, тәжірибе соңына жақындағанда 6-апта балалардың өзі қуана сүйікті ертегілерін сахналады. Балалардың барлығын кезектесе сахналық қойылымдарға қатыстыруға тырыстық. Балалар, әсірісе, Ыбырай Алтынсариннің «Екі дос» әңгімесін сүйсіне құрып, достардың арасындағы қарым-қатынаста ненің маңызды екендігін? ұғынды. Бұл біз пайдаланған дәстүрлі әдіс-тәсілдер еді.

Балабақшада көркем шығармаларды ұйымдастырылған іс-әрекет барысында шығармашылық жұмыстар арқылы да оқытуға болады. Тыңдалған көркем шығарманың мазмұны бойынша өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру. Тапсырманы топпен жұмыс істеген нәтижелі болады. Балалар өзара бірлесіп жұмыс жасап, өзара қарым-қатынас жасап, ынтымақтастық, достық, командалық сезім пайда болады.

Балаларға көркем шығарма негізінде көркем шығарманың жетілдірудің тағы бір тиімді әдісі диалог құрғызу. Балалар өздерінің ұнаған сюжеттерін бойынша өзара диалог құрады. Ойын технологиясы да балалар үшін тиімді әдіс. Балалар көркем шығарма сюжеттерінің негізінде түрлі дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады.

Қарым-қатынас – адамдардың өзара әрекеттесуінің бір түрі. Қай жаста болса да, адамдарда өзара қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды: адам – әлеуметтік болмыс.Қарым-қатынас ұғымын талдай отырып, ең маңызды сипаттамаларды  бөліп көрсетуге болады: жалпы нәтижеге жету үшін өзара қарым-қатынас жасауы қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас қажеттілігі назар аудару мен ойын ынтымақтастығы қажеттілігінен тәжірибе қажеттіліктеріне қарай өзгереді. Баланың құрдастарымен қарым-қатынас қажеттілігі белгілі бір себептермен және қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем шығарма негізінде эмоционалды байланыстарын ынталандыруы керек, балалардың өзара қарым-қатынасын сәтті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар ұйымдастыруы керек. Олар үшін қарым-қатынас көркем шығарманың элементтерімен біріктірілген ұжымдық ойындар ұйымдастырған жөн, олар біртіндеп мектеп жасына дейінгі балалардың бірлесіп әрекет етуге қабілетін ашады, содан кейін олар тек құрдастарымен ғана емес, айналасындағы басқа адамдармен де белсенді қарым-қатынасқа алып келеді.

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. - Г.Т.Танабаева

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...