«Астана Операда» жұлдызды топ қойған «Риголетто» премьерасы аншлаг жинады

«Астана Операда» жұлдызды топ қойған «Риголетто» премьерасы аншлаг жинады

Биыл 3 қазан күні «Астана Опера» театрында Дж.Вердидің «Риголетто» спектаклінің премьерасы өтті. Спектакль қалың көрермен жинап, өнер сүйер қауымның толассыз қошеметіне бөленді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Маэстро Алан Бөрібаев пен француз режиссері Арно Бернар сахналаған қойылым көрерменді терең ойға жетеледі. Режиссер образдарды өзінше ашып, құмарлықты шебер жеткізген. Алан Бөрібаев пен оркестр Дж.Верди партитурасының барлық драмалық бояуын аша білді.

Танымал орындаушылар осынау музыкалық-драмалық оқиғаның ортасында жүрді. Сайқымазақ Риголеттоның шарасыз бейнесін Талғат Мұсабаев шебер сомдады. Нәзік әрі өжет Джильданы Юлия Засимова орындады. Зұлым Мантуя герцогының бейнесін Жан Тапин шынайы ойнап шықты.

Риккардо Масиронидің декорациялары спектакльге жарасымды әрі символдық реңк берді, ал Анна Верденің костюмдері кейіпкерлердің ішкі әлемін керемет сипаттады. Театрдың бас хормейстері Ержан Дәуітов дайындаған театр хоры қойылымның драмалық тұсы мен ауқымдылығын күшейтті.

«Риголеттоны» 4-5 қазанда қайта көруге болады. Бұл күндері спектакльге Оңтүстік Кореядан шақырылған баритон Чжунхек Феликс Пак, сондай-ақ театрдың жетекші солистері Салтанат Ахметова, Лейла Аламанова, Артур Ғабдиев және тағы басқалары қосылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...