Роман Скляр Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесу өткізді

Роман Скляр Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесу өткізді

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды. Теміржол және транзиттік тасымалдардың дамуының оң динамикасы атап өтілді, сондай-ақ қазақстандық жүктерді Еуропа мен басқа нарықтарға жеткізу үшін латвиялық порттарды пайдалану мүмкіндіктерінің артып келе жатқаны айтылды.

Тараптар автокөлік, әуе қатынасы және рәсімдерді цифрландыру саласында өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендігін растады. Электрондық сауда және Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бағыттарындағы жаңа логистикалық жобаларды жүзеге асыру әлеуетіне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Латвия арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған нақты бастамаларды бірлесіп әзірлеу және бейінді ведомстволар деңгейінде диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...

Премьер-министр Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына...