Сапалы білім - ел болашағына құйған инвестиция

Сапалы білім - ел болашағына құйған инвестиция

Қазіргі қоғамда білім беру мен педагог мамандарды даярлау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ұрпақтың сапалы білім алуы мен саналы тәрбие көруі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Әсіресе мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінің тиімділігі болашақ азаматтың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Сол себепті бүгінгі таңда педагог кадрларды кәсіби және жан-жақты даярлау ісіне айрықша мән берілуде.

Білім – қай заманда да ел дамуының негізгі өзегі, өркениетті қоғамның тірегі саналған. Ұстаз - болашақтың сәулесін жаққан шырақшы іспетті. Ұрпақтың санасын жаңғыртып, жүрегіне иман ұялататын, ойына жол сілтейтін де осы жандар.

Қазіргідей ғылым мен технология қарыштап дамыған уақытта педагог мамандығына қойылатын талап та күшейіп келеді. Ұстаз енді тек оқытушы ғана емес, тәрбиеші, кеңесші, психолог, мотиватор, медиатор, зерттеуші, цифрлық ортада бағдар таба алатын заманауи маман болуы керек. Бұл – уақыт талабы. Ал мұндай мұғалімді даярлау – тек білім беріп қана қоймай, ұлттық болмысты бойына сіңіре алатын, адам тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын, көпшіл әрі шығармашыл кадрларды қалыптастыратын білім ордасының еншісіндегі міндет.

Қазақстанда педагог даярлайтын жоғары оқу орындары аз емес. Алайда олардың ішінде тамыры тереңге тартқан, тарихы мен тәжірибесі сабақтасқан, рухани-мәдени бағыттағы әлеуеті күшті оқу орындарының орны әрдайым ерек. Солардың бірі – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті.

Бұл оқу орны – қазақ руханияты мен ағартушылығының алтын тамырына айналған мекеме. Алғаш 1937 жылы Оңтүстікте ашылған екі жылдық мұғалімдер институты негізінде құрылған бұл университет 1954 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институты ретінде жұмыс істеді. Тәуелсіздік жылдары қайта жанданған оқу орны 2017 жылы университет мәртебесін алды. Ал 2023 жылы қазақтың біртуар перзенті, ұлттың мәдени мұрасын қайта жаңғыртушы, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді. Бұл шешім оқу орнының рухани-мәдени миссиясын айшықтап, болашақ ұстаздарға берілген жауапты аманаттың белгісіндей болды.

Университет бүгінгі таңда еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының қатарында. Мұнда 32 бакалавр, 22 магистратура, 12 докторантура бағдарламасы бойынша мамандар даярланады. Атап айтқанда, Филология, Тарих және педагогика, Өнер және білім, Дене шынықтыру және спорт, Жаратылыстану, Физика-математика, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сынды сұранысқа ие бағыттар қамтылған.

Білім сапасы білікті кадрмен өлшенетіні белгілі. Бұл жағынан да университет мақтана алады: профессор-оқытушылар құрамының 60%-дан астамы ғылым кандидаттары мен PhD докторларынан тұрады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары да жанданған. Оқытушылар әлемнің үздік оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, жаңа әдістемелер мен халықаралық тәжірибелерді білім беру процесіне енгізіп келеді.

Материалдық-техникалық база оқу үдерісінің сапасын айқындайтын маңызды фактор. Университеттің бірнеше заманауи ғимараттары, ғылыми зертханалары, коворкинг орталықтары, спорт кешені, медициналық және психологиялық қолдау орталықтары, 5 жайлы жатақханасы бар. 2019 жылы пайдалануға берілген жаңа жатақханалар – студенттердің қолайлы өмір сүруіне жасалған нақты қадам.

Университет тек білім мен тәрбие берумен шектелмейді. Мұнда ұлттық құндылықтарды насихаттауға, рухани-мәдени ортаны жандандыруға ерекше мән беріледі. «Мұра» өнер орталығы жанынан құрылған эстрада, айтыс, домбыра, тігін, театр, мобилография, би секілді үйірмелер жастардың талантын ашып, шығармашылығын ұштайды. Сонымен бірге студенттер республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда жүлдегер атанып, оқу орнының абыройын асқақтатып жүр.

Халықаралық серіктестік те назардан тыс қалған емес. Университет әлемнің 20-дан астам еліндегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып, 100-ге жуық келісімшарт жасасқан. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер Түркия, Польша, Мажарстан, Латвия, Чехия елдерінде білім алуға мүмкіндік алады. Түркия және Ресей ЖОО-ларымен қосдипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асуда. Ал «Болашақ» бағдарламасы арқылы профессорлар әлемнің үздік университеттерінде тағылымдамадан өтуде.

Университеттің еншісіндегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы колледж де 9–11-сынып түлектеріне арнап күндізгі оқу бөлімі бойынша кәсіптік білім береді. Бұл – орта білім негізінде педагогикалық бағытта жол ашатын тағы бір тиімді мүмкіндік.

Ұстаздықты өмірлік жолым деп білетін, балалармен жұмыс істеуге құштар, еліміздің білім саласына шынайы үлес қосқысы келетін жастар үшін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – дұрыс әрі ұтымды таңдау. Мұнда сапалы білім ғана емес, ұлттық тәрбие, рухани орта, жан-жақты даму үшін барлық жағдай жасалған.

Егер балаңыздың болашағын сенімді, тамыры терең, болашағы жарқын білім ордасына сеніп тапсырғыңыз келсе – Жәнібеков университеті сіздерді құшақ жая қарсы алады!

Мамытбаева Жанат Абдиманаповна - Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі философия докторы (PhD)

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасуда. ҚР Конституциялық Сотының төрағасы,...

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...