Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ясутоши Нишимураны Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ...

Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тақырыбында 500-ге жуық колледж студенттері мен академик Ә. Қуатбеков атындағы...