Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысының Иркутск облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысының Иркутск облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бастаған делегация Иркутск облысына барып, Ресейлік ТЖМ ұйымдастырған Қазақстан мен Беларусь төтенше жағдайлар ведомстволарының XXII бірлескен алқасының аясында іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация Байкал көлінде Ресей ТЖМ-нің оқу-жаттығуын тамашалады. Құтқарушылар авиацияны қолдана отырып, орман өртін сөндіруді, шартты апатқа ұшыраған теплоход жолаушыларын эвакуациялауды, жол-көлік оқиғасының салдарын жоюды және 60 метр тереңдіктен сүңгуірдің көтерілуін көрсетті.

«Өткізілген оқу-жаттығулар әріптестеріміздің жоғары дайындық деңгейін және заманауи жабдықталуын айқын көрсетті. Біз үшін қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндер көп жағдайда ұқсас. Сондықтан біз кез келген төтенше жағдайға дайын болуымыз керек. Бүгін біз тәжірибемізбен бөлісіп отырмыз — бұл біздің өзара іс-қимылымыздың жарқын үлгісі», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысы.

Сапар барысында делегация мамандарды  даярладың 35 бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан Байкал іздестіру-құтқару жасағына барды. Мұнда  «Қауіпсіздік мектебі» қозғалысының жас қатысушыларымен кездесу өтті. Қазақстандық өкілдер жастарды қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін ерте жастан бастаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында экологиялық акция да ұйымдастырылып, делегация құтқарушылармен бірге жасақ аумағына ағаш отырғызды.

Сапардың қорытынды кезеңі заманауи авиациялық техниканың үлгілері ұсынылған «Яковлев» БАҚ филиалы — Иркутск авиациялық зауытына барумен аяқталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасуда. ҚР Конституциялық Сотының төрағасы,...

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...