Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Абай даналығы – халық мұрасы» атты ғылыми семинар өтті

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Абай даналығы – халық мұрасы» атты ғылыми семинар өтті

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай даналығы – халық мұрасы» атты ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Семинардың мақсаты – Абай Құнанбайұлының даналық ойлары мен шығармаларының рухани-мәдени маңызын насихаттау, жас ұрпақ санасына сіңіру арқылы ұлттық болмысымызды айқындау.

Іс-шарада Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Цуй Инлань құттықтау сөз сөйлеп, ұлы ақынның мұрасына деген құрметін білдірді. Сонымен қатар семинарға қатысқан ғалымдар мен абайтанушылар баяндамаларында Абай шығармашылығының мәні мен қоғамдағы маңызын жан-жақты талқылады.

Жиын барысында Ұлттық орталықтың қорында сақталған ақынның сирек кездесетін қолжазбалары мен басылымдары негізінде арнайы көрме таныстырылды.

Көрмеге Мәкебай Қойрықбайдың жеке кітапханасында сақталған, араб-шағатай және қыпшақ тілдерінде 1916 жылы көшірілген «Абай» қолжазбасы, Абай шығармаларының 1955 жылы төте жазумен жазылған нұсқасы, 1939 жылы латын қарпімен жарық көрген шығармалары, қытай тіліндегі өлеңдер жинағы, М. Әуезовтің ұйғыр тілінде жарияланған «Абай жолы» романы, «Қара сөздері» мен Абайдың өмірі мен отбасына қатысты фотосуреттер, тағы да басқа құнды еңбектер қойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасуда. ҚР Конституциялық Сотының төрағасы,...

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...