Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

АҚШ-та өтіп жатқан FIRST Championship әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстаннан шамамен 230 оқушы өнер көрсетудеХьюстон қаласында жыл сайын...