Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

АҚШ, Нью-Йорк қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Cerberus Capital Management компаниясының инвестицияларды басқару саласындағы жаһандық көшбасшылығын жоғары бағалап, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ниетін құптады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, компанияның стратегиясы Қазақстанның ұлттық экономиканы әртараптандыру жөніндегі басымдықтарына сай келеді. Еліміз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарта отырып, бағыттардың өткізу мүмкіндігін кеңейтуге қарқынды түрде кірісті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи келісімге қол қойылуы Орта дәліздің маңызды сауда жолдарының бірі ретіндегі маңызының арта түсуіне оң әсер ететінін атап өтті. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі алты есе артты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы компанияның технологиялық платформа мен цифрлық экожүйені тарату саласындағы ауқымды тәжірибесін атап өтіп, Қазақстандағы цифрлық бастамаларға қатысуды ұсынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены...

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң...