Колледж студенттеріне жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары түсіндірілді

Колледж студенттеріне жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары түсіндірілді

Шымкент қаласында жастарды жұмыспен қамту және қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар жалғасуда. Соның бірі ретінде Индустриалды-техникалық колледжде өткен ақпараттық кездесу ерекше маңызға ие болды. Бұл жиынның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім алып жатқан студенттерге мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру, еңбек нарығына бейімдеу және алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға көмектесу.

Кездесуге Абай ауданы Мансап орталығының басшысы Ордабаева Дария Амангельдиевна және Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мынбаев Нуртаза Абдуллаевич арнайы қатысып, студенттермен ашық әңгіме форматында жүздесті. Олар 2021–2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңінен баяндап, әрқайсысының мәні мен мүмкіндіктеріне тоқталды.

Атап айтқанда, жастарға «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық ақылы жұмыс» бағдарламалары түсіндірілді. Бұл жобалардың барлығы жастардың еңбекке араласуына, алғашқы тәжірибесін жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізеді.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы — еңбек өтілі жоқ жастар үшін маңызды бағдарлама. Оған қатысу арқылы жас маман алғашқы жылдарын мемлекет қолдауымен өткізе алады, бұл орайда жұмыс берушіге мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Мұндай мүмкіндік түлектің өз саласында тәжірибе жинауына және болашақта тұрақты жұмыспен қамтылуына жол ашады.

«Жастар практикасы» бағдарламасы да осы бағытта жұмыс істейді. Түлектер оқуын аяқтаған соң мамандығына сәйкес мекемелерде 12 айға дейін жұмыс істей алады. Оларға ай сайын 30 АЕК мөлшерінде жалақы төленеді. Бұл бағдарлама еңбек нарығына енді қадам басқан жас мамандарға өзін көрсетуге және кәсіби ортада орнығуға көмектеседі.

«Қоғамдық ақылы жұмыс» жобасы арқылы жастар уақытша болса да табыс тауып, қоғамға пайдалы іспен айналыса алады. Бұл бағыт көбіне жазғы кезеңде ұйымдастырылады және жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырады.

Кездесу барысында студенттерге Enbek.kz электронды платформасы арқылы жұмыс іздеу, түйіндеме жасау, бос орындармен танысу және тіркелу жөнінде нақты ақпараттар берілді. Мамандар порталды қолдану алгоритмін көрсетті және оның қолжетімділігі мен тиімділігіне тоқталды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Аталған ақпараттық іс-шара жастарға сенімділік беріп, мамандықтарына сай жұмысқа орналасу бағытында алғашқы қадам жасауға мүмкіндік ашты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...