Тамыз айында 80-ге жуық отбасы жалдамалы баспанамен қамтылады

Тамыз айында 80-ге жуық отбасы жалдамалы баспанамен қамтылады

Шымкент қаласында биыл тамыз айында тұрғын үй кезегіндегі 74 азамат жалдамалы баспанаға қол жеткізеді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев мәлімдеді.

Қазіргі таңда 74 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі қабылданып, тиісті құжаттары дайындалуда.

Аталған пәтерлер тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданысқа берілмек.

Айта кету керек, ағымдағы жылы 976 азаматты сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, 608 азамат тұрғын үймен қамтылды.

Атап айтқанда, 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілген болатын.

Қалған 294 пәтер тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуына қарай үлестірілетін болады.

Айта кетсек, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жалдамалы баспаналар Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен және кезек арқылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған No-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...