Шымкент: магистралды жүйелер бойынша 3 нысанның құрылысы басталды

Шымкент: магистралды жүйелер бойынша 3 нысанның құрылысы басталды

Шымкент қаласында магистралды жүйелер бойынша 3 нысанның құрылысы басталған. Ішкі орамдық су жүйелерінің құрылысы 11 шағын ауданда жүргізіліп отыр. Құрсай шағын ауданын қамтитын ауыз су нысанының құрылысы 2022 жылы аяқталмақ.

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесін жіті қараған қала әкімі М.Әйтенов магистралды жүйелер ең басты арна екендігін еске салып, оның құрылыстарын ішкі орамдық жүйелерден бұрын аяқтау керектігін міндеттеді.

Жоба құрылыстары барысында инженерлік желілер өтуі тиіс жерлердің меншік иелерінің келісімін алу процессін созбалаңға салмай жеделдетіп шешу керектігіне көңіл бөлді. Ең бастысы, межеленген жұмыстарды мерзімдерінде аяқтап, іске қосуды тапсырды.

Құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылар бригадаларының санын көбейту мәселесін қарастырып, ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстарын күзгі және қысқы кезеңдерге қалып кетпеуін қадағалауды, тұрғындар жаңбырлы күзде жер қазу жұмыстарынан батпақ кешіп, зардап шекпеуі керек екендігін қатаң ескертті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған No-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...