Президент Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) Директорлар кеңесінің төрағасы Шэнь Яньфэнді қабылдады

Президент Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) Директорлар кеңесінің төрағасы Шэнь Яньфэнді қабылдады

️Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнді Қытай атом өнеркәсібіне 70 жыл толуымен құттықтап, бұл мерейлі меже аталған саладағы диалогты одан әрі нығайтуға жол ашатынын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

️Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында атом индустриясындағы ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

️Президент тәжірибесі мол әрі технологиясы озық CNNC компаниясымен бірлескен жобалар, соның ішінде еліміздегі екінші атом электр стансасының құрылысы табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары аясында «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы...

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2026-2028 жылдарға...