250 мың қазақстандық автоматты түрде әскери есепке алынды

250 мың қазақстандық автоматты түрде әскери есепке алынды
Қарулы Күштерді цифрландыру шеңберінде азаматтарды әскери есепке алудың барлық дерегі енді мемлекеттік қызметтер көрсетілетін «eGov» порталында және «mGov» мобильді қосымшасында «Жеке кабинетте» қолжетімді. Ішкі көші-қон кезінде автоматты түрде әскери есепке қою азаматтардың жеке қатысуынсыз жүзеге асырылады. 2025 жылдың басынан бері бұл норманы 250 мыңға жуық адам пайдаланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары аясында «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы...

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2026-2028 жылдарға...