Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен кездесті

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен кездесті

ҚХР, Бейжің қаласы

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цзинь Лицюн Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті АИИБ басшысымен 2023 жылдың мамыр айында Сиань қаласында кездескенін, содан бері өзара қарым-қатынас, әсіресе, көлік, энергетика және денсаулық сақтау секілді басты салаларда тың серпін алғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан банк қызметін кеңейтуге, атап айтқанда, «жасыл» және зияткерлік технологияларды дамыту жобаларын ілгерілетуге арналған аймақтық алаңға айналуға дайын.

Бүгінде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздегі стратегиялық мәнге ие жобалардың бірқатарына 2 миллиард доллардан астам көлемде қаржы құйды.

Соның ішінде Жамбыл облысындағы ірі жел электр стансасы, Жезқазған – Қарағанды автокөлік жолы, Көкшетау қаласындағы көпсалалы аурухана құрылысы бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...