Шымкенттік дәрігерлер пайдалы кеңестер алды

Шымкенттік дәрігерлер пайдалы кеңестер алды

Медицина саласына түсіп жатқан ауыртпалық еселей түскендігі белгілі. Дертке тоқтам салар тұста дәрігерлерімізге көмек пен қолдау көрсетуіміз маңызды. Әсіресе, індетпен күресуде тың әдіс, тиімді тәсілдер жөнінде мамандар беретін кеңестің орны бөлек.

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен өткен кездесуде шымкенттік дәрігерлер әдістемелік көмек алды.

Министр жедел жәрдем стансасының қызметкерлерімен, бірқатар емханалардың дәрігерлерімен кездесулер өткізді.

Оның сапары алдында Шымкентке бір топ маңызды мамандар келіп, ковидпен күрес барысымен танысып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

Кеше әкімдікте комиссияның қорытындысы бойынша Коронавируспен күрес жөніндегі штаб өтті. Штабта Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаятқызы стационарлар мен емханалардың жұмысын жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар айтты. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова эпидахуалды тұрақтандыру бойынша құнды кеңестер берді.

Шымкент қаласының бас дәрігерлері Денсаулық министрі бастап келген мамандардың сапары қаланың денсаулық жүйесі үшін өте пайдалы болғанын айтуда. Білікті мамандардан кеңестер алу тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасын табады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...