«Таза қала» акциясы Абай ауданында жалғасын тапты

«Таза қала» акциясы Абай ауданында жалғасын тапты

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Б.Парманов аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясына қатысты.

Аталған іс-шара Абай ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен бірге ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық акциясы барысында «8 шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үйлер аулалары мен аллеясы қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 200 ерікті жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған жоба, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...