Теміржолшының еңбек жолы – табандылық пен кәсібиліктің көрінісі

Теміржолшының еңбек жолы – табандылық пен кәсібиліктің көрінісі

Теміржол саласы – тәртіп пен жауапкершілікті қажет ететін аса маңызды сала. Осы бағытта тынымсыз еңбек етіп, өз кәсібіне адалдық танытқан мамандардың бірі – Мейірбеков Еркін. Оның еңбек жолы – табандылықтың, білім мен тәжірибенің, адал еңбектің жарқын үлгісі.

Мейірбеков Еркін өзінің кәсіби жолын 2007 жылдың 19 наурызында бастап, 2025 жылдың 13 маусымына дейін «Тасымалдаудың Шымкент бөлімшесі», «Жолдың Шымкент бөлімшесі», «Локомотив» АҚ, сондай-ақ қазіргі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ құрылымдарында үздіксіз еңбек етті. Бұл кезеңде ол түрлі техникалық және ұйымдастырушылық бағыттағы міндеттерді абыроймен атқарып, 16 жылдан астам бай тәжірибе жинақтады.

2025 жылдың 14 маусымынан бастап Еркін Мейірбеков «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «ЖТ Шымкент бөлімшесінің» Қазығұрт станциясындағы сұрыптау төбешігінің кезекшісі қызметіне ауысып, осы уақытқа дейін осы лауазымда еңбек етіп келеді. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін, техникалық сауаттылық пен ұқыптылықты қажет ететін маңызды қызмет. Ол станцияда жүктердің сұрыпталуын бақылап, теміржол қозғалысының үйлесімділігіне үлес қосып келеді.

Еркін өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Мысалы, ол 2022 жылдың қараша айында және 2025 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбындағы арнайы курстардан өтіп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша талаптарды толық меңгерді. Бұл оның кәсіби міндеттерге деген терең жауапкершілігін көрсетеді.

Оның адал еңбегі мен салаға қосқан үлесі жоғары бағаланды. 2025 жылдың 30 сәуірінде Мейірбеков Еркін «Теміржол саласының 20 жыл ынтасы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат оның көп жылғы еңбегіне, жоғары кәсіби шеберлігіне және теміржол саласына қосқан үлесіне берілген әділ баға болды.

Мейірбеков Еркін – өз ісіне берілген, тәртіп пен талапты ту еткен маман. Оның еңбек жолы – жас теміржолшыларға үлгі боларлық тәжірибе мектебі. Осындай мамандардың қажырлы еңбегі арқасында еліміздің теміржол саласы дамып, жүк тасымалдау жүйесі үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда ерте жастан білім беруден бастап, кәсіптік даярлау, ғылым, цифрлық құзыреттілікті дамыту және еңбек нарығына шығуға дейінгі үдерістерді...

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны...

Кәсіпкер күн сайын ондаған шешім қабылдайды. Қандай өнім сатып алу, жарнамаға қанша қаражат бөлу, қызметкер алу немесе жаңа бағыт ашу сияқты...