Татулық – тұрақты дамудың алтын қазығы

Татулық – тұрақты дамудың алтын қазығы

Қоғам дамуының басты кепілі – бейбітшілік пен татулық. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, табиғи байлыққа ғана сүйеніп өркендеген мемлекет жоқ. Шын мәніндегі дамудың түп қазығы – ел ішіндегі тұрақтылық пен өзара сенім. Ішкі алауыздыққа тап болған кез келген елдің экономикалық өсімі баяулап, әлеуметтік дамуы тұралап қалатыны тарихтан белгілі.

Қазақстанның ең басты ерекшелігі – этностық және мәдени әралуандықты әлсіздік емес, артықшылық ретінде қабылдауы. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олар мемлекеттік істерге де, қоғамның барлық саласына да тең дәрежеде атсалысып, ел дамуына үлес қосуда. Бұл – әлемдік қауымдастықта сирек кездесетін әрі жоғары бағаланатын тәжірибе.

Татулық ұғымын тек қақтығыстың болмауы деп түсіну қате. Ол – әділдікке, өзара құрметке, сенім мен бір-бірінің құндылықтарын бағалауға негізделген биік мәдениет. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағытта бірегей рөл атқарып келеді. Бұл институт этностардың тілін, дәстүрін сақтап қана қоймай, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араластыруда.

Халықаралық қауымдастық Қазақстан тәжірибесін бейбітшілік пен келісімнің озық үлгісі ретінде мойындайды. Бұл – еліміздің ішкі тұрақтылықты басты капитал ретінде бағалап, оны сақтауға ерекше көңіл бөлгенінің айқын дәлелі.

Қазақ халқы ежелден «бірлік бар жерде – тірлік бар» деп, татулықтың құнын жоғары қойған. Бүгінде бұл қағида мемлекет саясатының іргетасына айналды. Ынтымақ пен тұрақтылық – біздің басты құндылығымыз, ал оны сақтау – әр азаматтың қасиетті парызы.

Татулық – мемлекеттің мәңгілік даму жолындағы ең сенімді тірегі. Сондықтан бейбітшілік пен келісімді сақтау – бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілігіміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...