Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.

– Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береміз. Премьер-министр Ишибаға ыстық ықыласымды жеткізуді сұраймын. Премьер-министр Шигеру Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келмекші. Біз оның сапарын асыға күтіп, дайындалудамыз. Өзара қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр деп сеніммен айтуға болады, – деді Президент.

Өз кезегінде Такеши Ивая қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.

– Сіздің сәлеміңізді Премьер-министрімізге міндетті түрде жеткіземіз. Қазақстан мен Жапония – халықаралық тәртіпті күшейтуге мүдделі стратегиялық серіктестер. Менің бұл сапарым екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймын, – деді Жапония Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такеши Ивая халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Астанада өткен Конституциялық комиссияның кезекті отырысында бірқатар жаңа...

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...