Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табысқа жеткен Сіздің еліңіз Азияда және әлемдік аренада лайықты орынға ие. Пәкістан гүлденген әрі орнықты қоғам құру жолында алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...