Шымкентте «Таза қала» акциясы бойынша тазалық жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте «Таза қала» акциясы бойынша тазалық жұмыстары жүргізілуде

Шаһар әкімінің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласысы Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясын өткізді.

Аталған іс-шара Қаратау ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен бірге ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқықс тастамау мәдениетін қалыптастыру.

Кезекті тазалық акциясы барысында «Нұрсәт» тұрғын алабындағы үйлер аулалары мен аллея қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 40 ерікті (волонтер) жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған жоба.

Тазалық акциясы арқылы экологиялық жағдайды жақсарту – біздің басты мақсат, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...