Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті 19-шы отырысы барысында Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті 19-шы отырысы барысында Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Хоким Холикзоданың тең төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Пленарлық отырысында сөз сөйлеген Роман Скляр Үкіметаралық комиссия Қазақстан мен Тәжікстанның өзара іс-қимылының маңызды құралына айналғанын, оның күн тәртібінде екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетудің, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың, сондай-ақ инвестициялық әлеует пен өңіраралық байланыстарды кеңейтудің маңызды мәселелері бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Хоким Холикзода бұндай маңызды жиын сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда қарқынды дамып келе жатқан, екіжақты қатынастардың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

Отырыс барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Роман Скляр комиссияның жұмысы, ең алдымен, алдағы жоғары деңгейде өтетін кездесулерді мұқият дайындауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Тараптар қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті 20-шы отырысы 2026 жылы Тәжікстанда өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...