Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Түрікменстан, Аваза қаласы

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды.

Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...