Қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру маңызды

Қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру маңызды

Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен бірге аудан әкімі аппараты ауданда құрылған экологиялық полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағындағы шағын аудандарда рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоқыс тастамау мәдениетіне баулу. Яғни, санамызға тазалық мәдениетін сіңіру – күн тәртібінде тұрған ең басты мәселенің бірі болып тұр.

Кезекті түнгі рейдтік шара барысында көпқабатты үй аулаларында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар аудан аумағындағы барлық елді мекендерде жүргізілетін болады.

Құрметті тұрғындар! Қоқысты тастамау – біздің мәдениетімізді арттырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын компаниялардың қызметкерлерінің басым бөлігі бұл біздің ата-аналарымызбен замандас жандар... Сондықтан, қоқысты тастардан бұрын оны тазалаушы жандардың еңбегін бағалауды еске сақтауды сұраймыз!

Қаратау ауданының құрамына 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алаб кіреді. Онда 1272 көше бар болса, оның 97-сі орталық көшелер.

Айта кетейік, аудандағы көпқабатты үйлерге жалпы 67 қоқыс алаңшасы қойылған.

Тасымалдаушы мекемелер кесте бойынша күніне 2 рет қоқыс тасымалдап, оны Ақтастағы қоқыс полигонына алып барады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...