Шымкентте ардагерлер басылымдарға тегін жазылады

Шымкентте ардагерлер басылымдарға тегін жазылады

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басты бағыттарының бірі ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Осы орайда 80 жастан асқан жалғызбасты қарттарға ай сайын 2 АЕК яғни, 5834 теңгеден әлеуметтік төлемдер жүргізіліп келеді. Одан бөлек, мерекелік күндерге орай бір реттік төлемдер есеп шоттарына аударылады. Жалпы қала бойынша қазіргі таңда 80 жастан асқан 129 жалғызілікті қария бар.

Сонымен бірге, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қалалық мәслихаттың шешімімен ардагерлер өздерінің сүйікті республикалық, облыстық және қалалық басылымдарына да тегін жазыла алады. Басқарма тарапынан жыл сайын басылымдарға тегін жазылатын ардагерлер санын көбейту көзделген. Газет, журналдарға тегін жазылу ардагерлер кеңесінің берген тізіміне сәйкес беріледі. Биыл Шымкентте 2500- ге жуық қарияны басылымдарға тегін жаздыру қарастырылған, деп хабарлайды no-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...