Тұрғын үй сертификатына бір күнде 200-ден аса азамат өтінім жіберген

Тұрғын үй сертификатына бір күнде 200-ден аса азамат өтінім жіберген

Шымкент қаласы бойынша бір жұмыс күні ішінде тұрғын үй сертификатына жалпы саны 204 азамат өтінім жіберген. Оның ішінде 45 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 33-і тұрғын үй сертификатын алудың талаптарына сәйкес келмеген.

Мамандар бас тартулардың басым көпшілігінің себебін азаматтар тарапынан тұрғын үй сертификаты талаптарына сәйкес қажетті құжаттар тізімін толық ұсынылмауымен байланыстыруда. Яғни азаматтардың көпшілігі бастапқы жарна сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемінің сомасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ жұмыс орнынан анықтама мен табысы туралы мәліметті қоса жібермесе енді бірінің отбасы табысының соңғы 6 ай ішіндегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 3,1 көрсеткіштен асып кеткен. Қазіргі таңда қалған 126 азаматтың құжаттары басқарма мамандарымен қаралуда.

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдайтын интернет портал 500 азаматқа қарастырылған қаржы толығымен игерілгенге дейін тәулік бойы ашық болады.Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

Қатысуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты арқылы тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады, деп хабарлайды no-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...