1800-ге жуық зейнеткерге шипажайда ем алуға жолдама берілді

1800-ге жуық зейнеткерге шипажайда ем алуға жолдама берілді

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар беріледі,  деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде 1748 жолдама зейнеткерлерге шипажайда ем қабылдауы үшін берілді.

Биыл кезекте тұрған 6174 азаматты Шымкент қаласының "Денсаулық" шипажайына, Түлкібас ауданының "Ақсу-Жабағылы" және Тараз қаласының "Айша бибі" шипажайларына жіберу жоспарлануда.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, санаториялық-курорттық емдеу Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлік жастағы "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне тегін беріледі. Ал, зейнеткерлерге жолдама құнының 50 пайызын төлеумен беріледі.

Бүгінгі күні қалада 82 821 зейнеткер тіркелген, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 20, тыл еңбеккерлері – 3 153. Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа"иегерлерінің 10 667 зейнеткері бар.

Шипажайларға жолдама берілу жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады. Жолдама алу үшін Бәйтереков көшесі, 89 мекен-жайы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш қалдыру қажет. Жолдама кезек бойынша беріледі. Кезекке тұру үшін жеке куәлік және 068 нысанындағы анықтама қажет.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...