Қаратау ауданындағы тазалық жұмыстары тексерілді

Қаратау ауданындағы тазалық жұмыстары тексерілді

Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов Нұрсәт тұрғын алабындағы көп қабатты үйлер аумағын кезекті рет аралап, орналасқан қоқыс алаңшаларының жағдайына қатысты мердігер мекемеге ескерту жасады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан басшысы тез арада аталған қоқыс контейнерлерін жаңартуды және мүмкіндікке қарай қоқыс алаңшасын қоршау, дезинфекциялау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін айтты.

Сонымен бірге, Абзал Шымкентбайұлы көп қабатты үйлер аумағындағы шағын кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттерді ретке келтіріп, атқарылған жұмыстарды аудандық кәсіпкерлік бөліміне баяндауды тапсырды.

Еске сала кетейік, аудан әкімі А.Әліқұлов қала әкімі тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта да жоспарға сәйкес ауданның өзекті мәселелерін ретке келтіру жұмыстарын қадағалау мақсатында, барлық елдімекендерге аралау жұмыстарын жүргізетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...