Ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты тұрғын үй сертификатын алуға негіз болып табылады

Ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты тұрғын үй сертификатын алуға негіз болып табылады

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау шілде айының 26-нан басталады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспаналы болуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты арқылы азаматтар тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады.

Осы жерде айта кететін жәйт, отбасының жиынтық табысы ретінде - отбасы мүшелерінің расталған кіріс табысы есептеледі.

Еске сала кетейік биылғы жылы тұрғын үй сертификатына құжаттарды қабылдау «www.kezekte.kz» интернет ресурсы арқылы онлайн жүзеге асырылады.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабуға көмек ретінде беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...