Қаратау ауданында көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшушілердің саны артқан

Қаратау ауданында көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшушілердің саны артқан

Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов Нұрсәт шағын ауданын аралап, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде аудан әкімі көп қабатты үй тұрғындарына жаңа басқару нысанына көшудің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндірді. Бүгінге дейін Қаратау ауданында 9 меншік иелерінің бірлестігі және 124 жай серіктестік құрылған.

Аудан басшысы көп қабатты үйлерге сервистік қызмет көрсетуші мекеме өкілдеріне үйлердің, ауланың тазалығы бойынша тұрғындармен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Осы орайда, А.Әліқұлов қала тазалығына тек қызмет көрсетуші мекемелер ғана емес, әрбір тұрғынның да тікелей жауапты екенін атап өтті.

Айта өтсек, Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлер басқарудың жаңа нысанына көшуде - МИБ (мүлік иелерінің серіктестігі) жəне ҚС (қарапайым серіктестік). Олар бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй- бір ММИБ/ЖС- бір есепшот» принципіне негізделіп жұмыс жасайтын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...