Еңбекші ауданының мерейлі отбасылары марапатталды

Еңбекші ауданының мерейлі отбасылары марапатталды

Еңбекші ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында жеңімпаз атанған отбасыларға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келетін бұл байқауға аталған ауданнан 20 отбасы өтініш білдірген. Құжаттарын арнайы құрылған комиссия қарап, 4 отбасыны лайықты деп таныған болатын.

Өзгеге үлгі болып жүрген отбасылар қатарында Бимурзаевтар, Шерметовтер, Садыковтар және Түктыбаевтар отбасы бар.

Еске салсақ, жалпы аталған ұлттық конкурсқа қатысу үшін қала бойынша 110 отбасыдан өтініш келіп түскен болатын. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алып, қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Алиевтер отбасы жеңімпаз деп танылған еді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...