Шымкентте коммуналдық көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум обьектісі құрылмақ

Шымкентте коммуналдық көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум обьектісі құрылмақ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларын кондоминиум обьектісі ретінде тіркеу мәселесі заң тұрғысынан зерделеніп, тиісті жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кондоминиум объектісі – тұрғын үйлердің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстау және оларды пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені.

Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде әрбір тұрғын үйлердің атынан сайланған заңды өкілдері екінші деңгейлі банк арқылы ағымдағы шотты ашуға міндетті. Яғни, аталған шотқа пәтер иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын төлемдері аударылады.

Айта кету керек, кондоминиум обектісі құрылу негізінде пәтер иелері тұрғын үйдің тұрғын емес үй жайларын яғни, ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға және оны қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндеттеледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...