Өсімдіктерді қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы Шортанды ауданында өтті

Өсімдіктерді қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы Шортанды ауданында өтті

Шортанды ауданында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен өсімдіктерді қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Агрономиялық кеңес барысында өсімдіктерді қорғау саласындағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өнімділікті арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары талқыланды. Агротехникалық іс-шараларды белгіленген мерзімде жүргізу мен өсімдік шаруашылығына заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Мұрат Балпан аграрлық сектордың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып отырғанын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...