Заң алдында жауапкершілікке тартылады

Заң алдында жауапкершілікке тартылады

Сыбайлас жемқорлық бойынша заңға қайшы іс-әрекет істеп жатқан азаматтардың қылмыстары көзге көріне бермейтін қылмыс. Сондықтан да оның ізіне түсіп, қолға ұстап алу қиын.

Ол табиғатында құпия түрінде жүзеге асырылатын қылмыстар қатарына жатады, ұстала қалған күннің өзінде сан алуан түлкі бұлаңға салып, жазадан сытылып кетудің сан түрлі айлаларын іздейді. Бірақ не нәрсенің де шегі бар, қанша жерден құтылып кетуге тырысса да жұртшылық алдында бетпердесі ашылады. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға қатысты проблемалардың бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Дертпен күресудің мақсаты — азаматтардың құқықтарын қорғауға, ҚР Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын-алу анықтау, олардың жолын кесу және ашуы. Осы мәселелердің жүйелі түр­де орындалуына және оған қарсы күрес жүргізуіне — құқық қорғау органдары, Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің заман талабына сай, нәтижелі еңбектерінің арқасында орындалып жа­тыр. Сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылықтар үшін

жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және «Әкімшілік құқық бүзушылық туралы» Кодексте көзделген.

Жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады.

Сыбайластық құқық бузушылық субъектілеріне лауазымды және мемлекеттік міндет атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға теңестірілген адамдарды сатып алуды жүзеге асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке және заңды тұлғалар да жатады. Осындай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ заң факультетінде конференциялар ұйымдастырылып тұрады.

Ә.АМАНГЕЛДИЕВА,

М.Әуезов атындагы ОҚМУ «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының магистр, аға оқытушысы

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...