Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари, Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мана және Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қатысты.

Министр құттықтау сөзінде халықаралық жарыстар ел спортының дамуына және жастардың олимпиадалық спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға зор септігін тигізетінін атап өтті.

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 10 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа 25 елден келген 300-ден астам жас атлет бақ сынап жатыр. Қазақстан намысын 36 спортшы қорғайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әпке! Кімге болсын әпкенің қадірі, орны бөлек – жанашырың, сен үшін күйіп-пісер жанкүйерің. Бұған әпкелер қанатының астында жетіліп, кемдік көрмей,...

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық...