Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды

Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды

Бұл жоба жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын тәмамдаған жастарды 24 ай жұмыспен қамтиды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар екі жылдық тәжірибе мен біліктіліктерін арттырады.

Жобаға 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген, жұмыс өтілімі жоқ, NEET санатындағы жастар қатыса алады. Еңбекақысы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемін құрап отыр.

Үміткерлер жұмыспен қамту орталығының тіркелген мекенжайы бойынша аудан бөлімшесіне жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.

Алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғылықты мекенжайда орналасқан қалалық халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.

✓Абай ауданы бойынша Жиделі байсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» сауда орталығы, 1 қабат).

✓Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі ,201.

✓Еңбекші ауданы бойынша Күншығыс» м/а, Жолан батыр көшесі 115/2.

✓Қаратау ауданы бойынша «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...