Қаржылық қауіпсіздік ойын түрінде: жазғы лагерьлердегі сабақтар мен байқаулар

Қаржылық қауіпсіздік ойын түрінде: жазғы лагерьлердегі сабақтар мен байқаулар

«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар лагерьлерінде қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Білім беру шараларына 10 мыңнан астам оқушы қатысты.

Сабақтар Білім министрлігімен бірлесіп әзірленген материалдар негізінде өтті. Олардың қатарында дәрістер, презентациялар мен «Бейтаныс», «Жеңіл ақша» және «Қошқар мен теке» атты анимациялық оқыту мультфильмдері көрсетілді.

Сабақ барысында «Алдай алсаң, алдап көр!» тақырыбында сурет байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Оқушылар арасында есірткі заттарын іздестіру әдістерін көрсеткен қызметтік иттердің қатысуымен өткен кинологиялық қызмет мамандарының көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар балаларға арналған спорттық турнирлер мен көңілді іс-шаралар да өткізілді.

Мұндай кездесулер балалар үшін тек танымдық сипатта ғана емес, сонымен қатар олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, қаржылық алаяқтардан қорғана білу дағдыларын үйретеді. Иттермен тіл табысу, шығармашылықпен айналысу мен ойын арқылы оқыту процесі шын мәнінде қызықты әрі есте қаларлық болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...