Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде машина жасау, құрылыс өнеркәсібі және бірлескен кәсіпорындарды дамытуды талқылады.

Сауда-экономикалық байланыстардың тұрақты дамуы және ынтымақтастықты кеңейтудің жоғары әлеуеті атап өтілді.

Үкіметаралық комиссия аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Әріптестікті одан әрі нығайту және өнеркәсіп саласында өзара тиімді бастамаларды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...