Шымкентте IT қауымдастықтың дамуы қарқын алуда

Шымкентте IT қауымдастықтың дамуы қарқын алуда

Өткен жылы шаһарда қала әкімдігінің қолдауымен «Shymkent HUB» технологиялық паркі іске қосылған болатын. HUB-тың басты мақсаты – IT экожүйесін дамыту, цифрландыру дағдыларын енгізу, оның технологияларын дамыту, жалпы көпшілікті осы салаға қызықтыру.

Былтыр HUB-та IT-қауымдастықты дамытуға және аймақтағы стартап жобаларды қолдауға бағытталған 72-ке жуық іс-шара өткізіліп, 2 хакатон, жоғары деңгейде форумдар ұйымдастырылды. 2030-ға жуық келушілер тіркелген. Қала тұрғындарына арналған 200-ден астам білім бағдарламалары курсы ашылды. Орталық өңірдегі талантты жастарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасайды.

2025 жылы орталықта 120-ға жуық іс шара өткізу, кемінде 1 инкубациялық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 хакатон өткізу және 5 стартап шығару мақсаты қойылды. Таяуда IT саласындағы қыздарға арналған «Tech Dames» қауымдастығы ашылып, жұмысын бастады. Shymkent Hub-тың негізінде құрылған Tech Dames клубы – идеяларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуға арналған алаң.

Сондай-ақ, 2025 жылы жоба менеджерлеріне, басқарушыларға арналған клуб ашу жоспарда тұр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде...

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...