Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда

Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында жаппай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаратау ауданында көшелерді, аяқ жолдарды тазалау және жуу, ортақ пайдаланылатын жерлерді, ирригациялық желілерді санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда.

Көшелерді тазалау жұмыстарына 50 бірлік арнайы техника, оның ішінде 24 суару-жуу машинасы, 2 тротуар жинау машинасы, 3 трактор, сондай-ақ, 180 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жауын-шашын кезінде судың кедергісіз өтуін ұйымдастыру үшін жолдардың жүру бөлігі астындағы арықтар мен арық өткелдері тазартылды.

Бұдан басқа, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кесте бойынша аптасына 2 рет 257 қоғамдық көлік аялдамасына және жаяу жүргіншілер аймақтары мен тротуарларға дезинфекциялау, жуу жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...