Қарағандыда азаматтарды қабылдау өтті: тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді

Қарағандыда азаматтарды қабылдау өтті: тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді

«Заң және тәртіп» республикалық акциясы шеңберінде Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы прокуратурасы, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, облыс әкімдігі және полиция департаментімен бірлесіп, азаматтарды көшпелі қабылдау ұйымдастырды.

Қабылдау барысында тұрғындарға заңдылықты сақтау, құқықтарды қорғау және заңнамалық нормалар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүгінген азаматтарға нақты құқықтық көмек көрсетіліп, сұрақтарына заң аясында жауап берілді.

Мұндай іс-шаралар – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Тұрғындардың белсенділігі мен ашық пікір алмасу заң үстемдігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде...

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...