Шағынаудандар кәріз жүйесімен қамтылады

Шағынаудандар кәріз жүйесімен қамтылады

Шымкент қаласының аумағы ұлғайып, шалғай елдімекендер әлі кәріз жүйесіне қосылмаған. Нақтырақ айтар болсақ, қаладағы 81 шағынауданның 18-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 63 шағынаудан қамтылмаған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында қазір 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 магистралды кәріз коллекторының және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар: Самал - 1,2,3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас, Шапағат, Ұлағат, Наурыз және Солтүстік-Шығыс шағынаудандары.

Бұл жылы 3 шағынауданның және 1 магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, Самал-1, Солтүстік Шығыс және Наурыз шағынаудандарының 18 мың тұрғыны кәріз жүйесіне қосылатын болады.

Cамал-1 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Үшсай» мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Ұзындығы 33,9 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі құрылысының бүгінде 70% аяқталған. Қараша айында құрылыс жұмысы толығымен аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.

Ал, Солтүстік-Шығыс шағынауданында ұзындығы 16,1 шақырымды құрайтын нысан құрылысының 30% аяқталған. Құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...