«Атқарушылық жазбаны цифрландыру» жобасы шеңберінде нотариустардың 9 500 жазбасы жойылды

«Атқарушылық жазбаны цифрландыру» жобасы шеңберінде нотариустардың 9 500 жазбасы жойылды
Бүгінде іске асып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірі - «Атқарушылық жазбаны цифрландыру». Бұрын бұл процесс тек қағаз түрінде жүзеге асырылатын және бұл бірқатар проблема туғызған. Нотаруистың МҚҰ және жеке сот орындаушылары арасында сөз байласу жағдайлары салдарынан адал азаматтар зардап шекті. Борышкерлер материалдарға уақытылы қол жеткізе алмай, қарсылықтарды жедел жібере алмады. Аумақтық қағидаты жиі бұзылып, әділет органдарына жыл сайын 7 мыңға жуық шағым келіп түсті. Бұл жайлы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанмен 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік...